Login to make your Collection, Create Playlists and Favourite Songs

Login / Register
Хақиқат та, дін-дағы тереңінде
Хақиқат та, дін-дағы тереңінде

Хақиқат та, дін-дағы тереңінде

01:13:13
Report
Подкастымыздың кезекті шығарылымы дінтану ғылымы жайында. Біздің қонақтарымыз: Бауыржан Сайфунов – Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті теология факультеті деканының орынбасары, дін ғылымдары бойынша PHD. Мұхит Төлеген – дін психологиясы бойынша PHD. Бұл шығарылымда: Ертегі, өлең-жыр, дастандар сәби көкірегінде ізгілік дәнін егеді; Қазақ топырағына ислам қалай жерсінді; Яссауи баба – адамдық диқаншысы; Имам Ағзам Әбу Ханифадан Имам Матрудиге дейін; «Дінді шаншып қармаққа, әркім бір жем іздеп жүр»; Уызына жарымай өскен баланы шетелге оқуға жіберу қауіпті; Хикметтер ілім-ғылымды насихаттайды; Адамның ең жақсысы басқаларға пайдасын тигізгені; Адамзатты сүю өз бауырыңды сүюден басталады. Подкастымызды қолдап, пікір жазыңыздар. Әлеуметтік желілерде бөліссеңіздер, нұр үстіне нұр. Жүргізуші әрі автор: Дина Имамбай – журналист, ғылымды насихаттаушы – https://facebook.com/dina.imambai Tanym Media телеграм-арнасы: https://t.me/mediatanym Подкастымызға лайк басып, әлеуметтік желілерде бөлісіңіз, пікір жазыңыз. Tanym Media, аудио (101 Мб).

Хақиқат та, дін-дағы тереңінде

View more comments
View All Notifications