Login to make your Collection, Create Playlists and Favourite Songs

Login / Register
Есенгүл Кәпқызы: пропаганда, манипуляция, ақылы посттар мен журналистік этика
Есенгүл Кәпқызы: пропаганда, манипуляция, ақылы посттар мен журналистік этика

Есенгүл Кәпқызы: пропаганда, манипуляция, ақылы посттар мен журналистік этика

01:03:37
Report
OY-DETOX қонағы «Мінбер» ақпараттық агенттігінің жетекшісі, SDU ассистент-профессоры Есенгүл Кәпқызы. Биыл Есенгүл ханым негізін қалаған «Мінбер» өзінің 15 жылдығын атап жатыр. Осы келелі датаға орай, біз Есенгүл ханыммен кездесіп, отандық журналистика, жуырда қабылданған масс-медиа туралы заң, ақылы посттар, "қанды блогерлер" мен журналистік этика туралы сөйлестік. Әлбетте, Мінбердің қызметіне де тоқталуды ұмытпадық. Эпизодты тыңдап қана қоймай, YouTube және Spotify парақшаларынан көре де аласыздар. Таймкод: 01:50 - Есенгүл Кәпқызы кім? 06:05 - 1990 жылдар, Моңғолиядағы қазақтар, қандастар мәселесі, көші-қон мен азаматтық алу, елдегі проблемалар 15:15 - Мінбер ұйымы қалай құрылды?, қанша журналист тренинтеріне қатысты және ұйым қандай бастамаларға мұрындық болды? 28:00 - мемлекеттік тапсырыс, донорлық ұйымдар, журналистикадағы білім сапасы мен отандық журналистиканың жағдайы 31:55 - Неге 15 жылда "Мінбер" үлкен ұйымға айналмады? 36:37 - OY-DETOX-ті қалай қолдауға болады? 37:58 - Есенгүл ағылшын тілін қалай үйренді? 43:30 - журналистика факультеттерін жабу керек пе? 48:00 - ақылы посттар, cancel culture және журналистік этика 56:30 - Мінбердің алдағы 15 жылға жоспары қандай? Есенгүл Кәпқызы мен Қалима Тәжіқұл «Масс-медиа туралы» Заң нормаларын түсіндіретін вебинарға сілтеме https://www.facebook.com/share/p/tCQzHPyReaHsTGKj/? Мінбердің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/minber.kz?igsh=bjliNDE5ZGNlc2Vz OY-DETOX-тің инстаграм парақшасы - https://www.instagram.com/oydetox?igsh=azF0YWU3a3M2MmZy OY-DETOX-ті қалай қолдауға болады? 1. Патрон арқылы, ол үшін арнайы сайт арқылы тіркеліп, $1-дан $20-ға дейін ай сайын қолдау көрсетіп отыра аласыздар. Толық ақпарат - https://www.patreon.com/oydetoxbyainel 2. "атың шықпаса, ПОДКАСТ ЖАСА" кітабын сатып алу арқылы - https://kaspi.kz/shop/p/ba-ytg-l-salyhova-inel-m-rhan-aty-shy-pasa-podkast-zhasa-115299433/ #zanmedia #mediaqoldau

Есенгүл Кәпқызы: пропаганда, манипуляция, ақылы посттар мен журналистік этика

View more comments
View All Notifications